Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

 

2015 жылы Швеция Үкіметі шведтік өнімдерді экспорттау үшін 26 басым ел тізіміне Қазақстанды енгізді.

 

Тауар айналымы. Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-қараша айлар аралығында 282,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,9% - ға жоғары (201,8 млн. АҚШ доллары).

 

Экспорт. Қазақстаннан Швецияға экспорттың көлемі 2022 жылдың қаңтар-қараша айлар аралығында 97,5% - ға өсіп, 92,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Өсу серпіні келесі тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: есептеу машиналары - 20,5 млн. АҚШ долл. (0-ден 20,5 млн. АҚШ долл.), ферроқорытпалар - 70,4% - ға немесе 17 млн. АҚШ долл. (24,1-ден 41,1 млн. АҚШ долл.), алюминий-7,7 млн. АҚШ долл. (0-ден 7,7 млн. АҚШ доллары).

Қазақстаннан Швецияға экспортталатын негізгі тауарлар: ферроқорытпалар - 41,1 млн. АҚШ долл. (үлесі - 44,3%), есептеу машиналары - 20,5 млн. АҚШ доллары (22%), күкірт - 11,6 млн. АҚШ доллары (12,4%), алюминий - 7,7 млн. АҚШ доллары (8,3%), соя бұршақтары-6,7 млн. АҚШ доллары (7,2%), тас көмір-3,4 млн. АҚШ доллары (3,6%).

 

Импорт. Швециядан Қазақстанға импорттың көлемі 2022 жылғы қаңтар-қараша айлар аралығында 22,3% - ға өсіп,189,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Өсу серпіні келесі тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді: тракторлар мен ершікті тартқыштар-2,4 есе немесе 23,4 млн. АҚШ долл. (16,7-ден 40,1 млн. АҚШ доллары), материалдарды термиялық өңдеуге арналған жабдық - 5,9 млн. АҚШ долл. (0,1-ден 6,0 млн. АҚШ долл.), қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қозғалысты басқаруға арналған электр құрылғылары - 4,1 млн. АҚШ долл. (0,1-ден 4,2 млн. АҚШ долл.) және т. б.

Швециядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: тракторлар мен ершікті тартқыштар - 40,1 млн. АҚШ долл. (үлесі 21,2%), дәрілік заттар - 13,9 млн. АҚШ долл. (7,3%), жүк автомобильдері - 9 млн. АҚШ доллары (4,7%), топырақ жұмыстарына арналған машиналар мен механизмдер - 8 млн. АҚШ (4,2%) және т. б.

 

Бірлескен кәсіпорындар. Жалпы алғанда, 2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстанда денсаулық сақтау, телекоммуникациялық технологиялар, энергетика және қоршаған орта, көлік, ауыл шаруашылығы, өндіруші өнеркәсіп, қауіпсіздік, білім беру және т.б. салалардағы қызметті жүзеге асыратын 43-ге жуық швед компаниясы бар, олардың ішінде 13 компания бірлескен кәсіпорындар түрінде ашылған.

 

2015 жылғы маусымда Швеция СІМ-інің Сыртқы-сауда саясаты жөніндегі бас директоры Е.Вальдердің іссапары аясында бұл ел «Жасыл көпір» Хартиясының Әріптестік бағдарламасына қосылды.

 

2016 жылы тамызда «Астана» ХҚО (МФЦА) Басқармасының төрағасы К.Келімбетов бастаған ҚР делегациясы Стокгольмге іссапармен барды.

 

2016 жылы Швецияның Ауыл шаруашылығы министрі С.Бухт шведтік кәсіпкерлер делегациясымен бірге Қазақстанға іссапармен келді.

 

2019 жылы 21 қазанда Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын отандастармен бизнес-форум өтті. Іс-шара ҚР Елшілігімен «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Швецияның Сауда-инвестициялық кеңесімен бірлесе отырып, «Business Sweden» жетекші іскерлік құрылымымен бірге 2018 жылдың 19-22 маусымында Астана қаласында өткен Дүниежүзілік тау-кен конгресінің шеңберінде «Инновациялар және индустрия 4.0» сессиясы ұйымдастырылды.

 

Қазақстанның Финляндиямен, Швециямен, Даниямен және Норвегиямен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастығының мүмкіндіктері 2020 жылғы 3 желтоқсанда «Қазақстан - Солтүстік Еуропа» іскер топтарының алғашқы инвестициялық кездесуі шеңберінде талқыланды. Іс-шараға Солтүстік Еуропа елдерінің 200-ден астам компаниясы қатысты.

 

Дания Корольдігі

 

Тауар айналымы. Қазақстан мен Дания арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-қараша айлар аралығында 94,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% - ға төмен (103,8 млн. АҚШ).

Экспорт. Қазақстаннан Данияға экспорттың көлемі 2022 жылдың қаңтар-қараша айлар аралығында 2,8 есе өсіп, 29,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Данияға экспорттың өсуі келесі тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: мұнай өнімдері - 6,5 млн. АҚШ долл. (0-ден 6,5 млн. АҚШ долл.), құрылыс бұйымдары - 4,4 млн. АҚШ долл. (0-ден 4,4 млн. АҚШ) және т. б.

Қазақстаннан Данияға экспортталатын негізгі тауарлар: сутегі - 10 млн. АҚШ долл. (үлесі 34,3%), мұнай өнімдері - 6,5 млн. АҚШ долл. (22,2%), құрылыс бұйымдары - 4,4 млн. АҚШ доллары (15%), балық еті - 4 млн. АҚШ доллары (13,8%).

 

Импорт. Даниядан Қазақстанға импорттың көлемі 2022 жылдың қаңтар-қараша айлар аралығында 30,4% - ға төмендеп, 65,0 млн. АҚШ долларын құрады.

Даниядан импорттың қысқаруы келесі тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: электр генераторлық қондырғылар - 99,8% - ға немесе 51,8 млн. АҚШ долл. (52,0-ден 0,1 млн. АҚШ долл.), мұздатылған балық - 99,7% - ға немесе 2,6 млн. АҚШ долл. (2,6-дан 0,0 млн. АҚШ).

Даниядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: дәрілік заттар - 14,4 млн. АҚШ долл. (үлесі 22,2%), құбырларға арналған арматура - 3,7 млн. АҚШ долл. (5,7%), радиолокациялық аппаратура - 3 млн. АҚШ доллары (4,7%).

2021 жылғы қараша айында даниялық агроөнеркәсіптік кешен саласындағы компаниялар басшыларының делегациясы Қазақстанға іс-сапармен барды. Делегация құрамына «Chr. Hansen», «Breeders of Denmark», «Cimbria», «Danbred», «Robco Engineering», «Skiold Group», «Skov», «VikingGenetics FMBA» және т.б. Сапар аясында делегаттар бірлескен дөңгелек үстелдерге қатысып, Алматы және Ақмола облыстарының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары