Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынас

Екіжақты қарым-қатынас

Жалпы мәлімет

 

1992 жылы 7 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.

 

2013 жылдан бастап Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді. 2021 жылғы ақпанынан бастап - Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Нұртаев.

 

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Швеция Корольдігінің Елшілігі жұмыс істейді. 2017 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Фойер.

 

Саяси қатынас

 

2004 жылы қазанда тарихта алғаш рет екіжақты қарым-қатынас орнатылып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне ресми сапары болды.

 

2006 жылы ақпанда Қазақстанға Швеция Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б. Рингхолм шведтік кәсіпкерлер делегациясын бастап келді.

 

2010 жылы желтоқсанда Астана қаласына ЕҚЫҰ саммитінде Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі К.Бильдт шведтік делегацияны бастап келді.

 

2013 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ресми сапармен Стокгольмге барды.

 

2013 жылы сәуірде Алматы қаласында өткізілген сыртқы істер министрлерінің Ауғанстан бойынша Ыстанбұл процесі конференциясына Швеция Корольдігінің Сыртқы істер министрі К.Бильдт қатысты.

 

2015 жылы наурызда Боаос форумы аясында Қазақстан мен Швецияның Премьер-Министрлері К.Мәсімов пен С.Левен келіссөз жүргізді.

 

2015 жылы маусымда 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету мәселесі бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Волков Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы елшісі ретінде Швецияға барды.

 

2015 жылы қазанда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев Швецияға іссапармен барды.

 

2015 ж. және 2016 ж. қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов және Швецияның Сыртқы істер министрі М. Вальстрем Нью-Йорктегі ББҰ БА шеңберінде кездесті.

 

2016 жылы қазанда Қазақстан мен Швецияның СІМ департамент директорлары деңгейінде бірінші рет СІМ-аралық консультациялар өткізілді.

 

2021ж. Қазанында бейнеконференция форматында Қазақстан мен Швеция сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың 3-ші раунды өтті. Қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, Швецияныкіне – СІМ Бас директорының орынбасары Андреас фон Бекерат жетекшілік етті.

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов және Швецияның Сыртқы істер министрі М.Вальстрем Нью-Йоркте және Женевада 2017 жылы қаңтар, ақпан, қыркүйек айларында кездесті.

 

2017 жылы қаңтарда Швецияның ЕО және сыртқы сауда мәселесі жөніндегі министрінің орынбасары О.Стенстрём Қазақстанға іссапармен келді.

 

2019 жылы 21-23 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің делегациясы "New Challenges to Democracy, Governance and Peace" халықаралық конференциясына қатысты.

 

2019 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Жайылғанова бастаған қазақстандық делегациясының БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен Мемлекеттік қызметтер жобасы аясында Швецияға сапары болды.

 

2019 жылы 16-17 қыркүйекте ҚР Білім министрлігінің вице-министрі бастаған қазақстандық делегациясының Білім беру саясатын реформалау бойынша диалогқа қатысу мақсатында Стокгольмге сапары болды.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) 2021 жылғы 2 желтоқсанда Стокгольмда өткен 28-ші отырысының жұмысына қатысты.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

 

2014 жылы маусымда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева Швеция еліне жұмыс сапармен қазақстандық парламенттік делегацияны бастап барды.

 

2015 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы К. Жақыпов пен Швеция Парламентінің Спикері У.Алин Вьетнам елінің Ханой қаласындағы Парламентаралық одақ ассамблеясы аясында келіссөздер жүргізді.

 

2017 жылы 15-17 маусымда Швеция Парламентінің Спикері У. Алин Қазақстанға ресми сапармен келді.

 

2019 жылы 9-10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласына Социал-демократиялық партия мүшесі, ЕҚЫҰ ПА швед делегациясының бұрынғы басшысы, қазіргі кезде Солтүстік Корея бойынша Швеция Үкіметінің арнайы уәкілі К. Харстедттің сапары болды.

 

Швецияның Қазақстандағы Елшісі М. Фойер 2019 жылы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия елдері спикерлерінің 4-ші кеңесінде өз елінің Риксдаг (Парламенті) атынан өкілдік етті.

 

Швецияда ҚР-дың құрметті консулдары болып Гетеборг қаласында бизнесмен Йоаким Даль және Уппсала қаласында профессор Вадим Кесслер аккредитацияланды. Швецияның Қазақстандағы құрметті консулы-қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Измайлов.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары