Болгарияда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні атап өтілді

Болгарияда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні атап өтілді

2020 жылғы 28 тамызда Болгария Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мәдени орталығында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған фотокөрменің ресми ашылуы өткізілді.

Фотокөрмеге Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Люцканов, БР СІМ жанындағы Мәдени орталығының директоры С.Йовева, Парламент депутататары, Болгарияда аккредиттелген дипломатиялық миссияларының өкілдері және әскери атташелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен Болгария азаматтары қатысты.

Іс-шара ядролық сынақтар құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. ҚР Елшісінің сөзінде қатысушылардың барлығын АТОМ жобасын қолдай отырып, ядролық қарусыз әлем үшін бірлескен жұмыстарды жалғастыруға шақырды. Іс-шара барысында Семей аумағында өткен ядролық сынақтар туралы деректі фильм (АТОМ жобасы мен Карипбек Куюковтың сұхбаты туралы болгар тіліндегі фильм) көрсетілді. Сонымен қатар, ҚР Елшілігінің бастамасымен аталған деректі фильм ү.ж. 29 тамызда Болгарияның «Травел ТВ» телеарнасында көрсетіледі.

Аталған фотокөрме 2020 жылғы 9 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Іс-шара соңында АТОМ жобасының қызметі туралы материалдар қатысушылар арасында таратылды.