
София, 2025 жылғы 22 қаңтар – Екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында, ҚР Елшісі Виктор Темірбаев Болгария Президентінің Сыртқы саясат және Экономикалық мәселелер көмекшілері Руси Иванов және Христо Алексиевпен кездесу өткізді.
Әңгілемесушілер өткен жылы Астана мен Софияның жемісті өзара іс-қимылын қорытындылай келе, алдағы кезеңге арналған перспективалық міндеттерді белгіледі, сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогты жандандыру және сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне қатысты пікір алмасты.
Кездесу барысында алда жоспарланған Астана халықаралық форумы (AIF 2025) мен «Kazakhstan. BornBold» жаһандық ақпараттық науқанына ерекше назар аударылды. Оған қоса, қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму және демократиялық қайта құрылуға бағытталған ауқымды реформалары мен бастамаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Жалпы, тараптар қазақстан-болгар қатынастарының қазіргі жағдайына оң бағасын беріп, өткен жылы өзара сауда айналымының 5 есеге артқанын атап өтті (2024 ж. 10 айда – 336,7 млн. АҚШ долл.), оның нәтижесінде біздің еліміз Болгарияға импорттайтын Еуроодақ құрамына кірмейтін топ-6 елдің қатарына кірді.
Соңында, әңгімелесушілер кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.