Тәуелсіздік күні қарсаңында Благоевградта «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесі ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Благоевградта «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесі ашылды

Благоевград, 2024 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстан Елшілігінің және ҚР-дың Благоевградтағы Құрметті консулдығының бастамасымен қаланың орталық алаңында еліміздің табиғаты мен туристік әлеуетіне арналған «Зерттелмеген Қазақстан» тақырыптық фотокөрмесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімдігінің, жергілікті зиялы қауымның, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.   

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан - Еуразияның қақ ортасында, әлемнің ең көне өркениеттерінің және көлік артерияларының қиылысында, Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық және әлеуметтік, мәдени және идеологиялық байланыстардың тоғысқан жерінде орналасқан өте бай тарихы мен мәдениеті бар мемлекет екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат мұның бәрі қазіргі Қазақстанды мықты, тәуелсіз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптастыруда қуатты іргетас болғанын атап өтті. Сонымен қатар, В.Темірбаев қатысып отырған қонақтарды Қазақстанда басталған және еліміздің экономикалық өсуге, әлеуметтік прогресске және инновацияларға прогрессивті көзқарасты көрсететін «Born Bold» ақпараттық науқанының негізгі аспектілерімен таныстырды. 

Благоевград қаласының мэрі Методи Байқушев іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, еліміздің дамуының жоғары қарқынын және Қазақстан табиғатының шынымен таң қалдыратын түрлерін атап өтті. 

Өз кезегінде Қазақстанның Құрметті консулы Рашко Динков Қазақстан мен Болгария өңірлері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың векторы біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамитынын атап өтті.

Іс-шара қонақтары Қазақстанның бірегей табиғатының фотосуреттерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің көркем пейзаждарын тамашалай алды.

 

Благоевград - Болгарияның оңтүстік-батысындағы мәдени және білім беру орталығы және осы муниципалитеттің әкімшілік орталығы. Бұл қала дамыған өнеркәсіппен, саудамен және көлік инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Жалпы, Благоевград аймақтың ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып табылады.