COVID-19 коронавирустық инфекциясының Қазақстан Республикасының аумағында болдырмау және таратпау жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының үстіміздегі жылғы 12 тамыздағы № 21-6/05-2469 Хаттамасына сәйкес, келесі әуекомпаниялардың Қазақстанға рейстерін жаңартылуы жоспарлануда, олар:
- «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Франкфурт – Нұр-Сұлтан» бағытымен;
- «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Дубай – Алматы» бағытымен;
- «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Киев – Алматы» бағытымен;
- «Скат» әуекомпаниясының «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» бағытымен;
- «Скат» әуекомпаниясының «Шарм-эль-Шейх – Алматы» бағытымен;
- «Белавиа» әуекомпаниясының «Минск - Нұр-Сұлтан» бағытымен;
- «Белавиа» әуекомпаниясының «Минск - Алматы» бағытымен;
- «FyDubai» әуекомпаниясының «Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытымен;
- «FyDubai» әуекомпаниясының «Дубай – Алматы» бағытымен.