Қазақстан Елшілігі «Мәдениеттің алтын монетасы» марапатына ие болды

Қазақстан Елшілігі «Мәдениеттің алтын монетасы» марапатына ие болды

Плевен, 2024 жылғы 14 қараша – Еуропалық ғылыми және мәдени қоғамдастық кеңесінің және болгар мәдени және ғылыми элиталар клубының шешімімен халықаралық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі «Мәдениеттің алтын монетасы» марапатына ие болды. Марапаттау рәсімі «Иван Радоев»- Плевен драма театрында өтті.

Қазақстандық дипломаттар жоғары бағалау үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Болгария халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына назар аударды. Бұл ретте, екі ел арасындағы қатынастардың достық деңгейі ерекше атап өтілді, сондай-ақ біздің мәдениеттеріміз бен құндылықтарымыздың тарихи ортақтығы атап өтілді.