СВЕТИ ВЛАС, 2020 жылғы 10 тамыз – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен және ұсынысымен, сондай-ақ «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абайдың 175-жылдығына орай, Свети Влас қаласында танымал тұлғалар Аллеясында Абай барельефін ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Теміртай Ізбастин, Болгарияның бұрыңғы Сыртқы істер министрі және жергілікті атлантикалық клубінің жетекшісі Соломон Пасси, Свети Влас қаласы әкімдігінің өкілі, «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының басшылары Стоян Райчевский және Йордан Динев, Болгар телеграф агенттігінің төрағасы М.Минчев, Болгария СІМ жанындағы мәдени орталығының басшысы С.Йовева және отандастарымыз қатысты.
Іс-шараны ашу барысында Елші Абайдың 175-жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерде тойланып жатқандығын және Абай Құнанбайұлы ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушысы, орыс көрнекті ақындары А.Пушкиннің, Ю.Лермонтовтың, И.Крыловтың шығармаларын аударған, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғандығын, сонымен бірге екі ел арасындағы ынтымақтастығымыздың одан әрі дамитынын атап өтті.
Сонымен бірге, Болгарияның бұрынғы Сыртқы істер министрі С. Пасси ҚР Елшілігінің ұйымдастырып отырған іс-шараның маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар Болгария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 28 жыл бұрын басталғанын, бірақ іс жүзінде қатынастар 1300 жыл бұрыннан келе жатқандығын, яғни Болгарлардың шыққан жері Орта Азия екендігін мәлімдеді.
Болгарияның тарихшысы және этнограф Стоян Райчевский Абай Құнанбаев тек Орта Азиядан емес, жалпы әлемде белгілі, әмбебап тұлға деп атап өтті. Сонымен қатар, Абай барельефінің қасында Васил Левски, Христо Ботев, адмиралдар Федор Ушаков және Горацио Нельсон, Ганс Христиан Андерсен, Джузеппе Гарибальди, Джанюариус Магкахан, Шандор Петефи, французский маршал Филипп де Клерк, Фридрих Шилер сияқты басқа елдердің танымал тұлғалардың барельефтері бар екендігін атап өтті.
Йордан Динев Болгарияда Абайдың барельефін орнатуға байланысты ризашылығын білдіріп, Абай барельефіндегі «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» 37 қарасөзі бүгінгі күнге дейін өзекті екендігін мәлімдеді.