
София, 2024 жылғы 23 қазан - Республика күні қарсаңында Г.С.Уланова атындағы жекеменшік тіл мектеп-лицейінде болгар тіліндегі қазақ халық ертегілері жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараны Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі «Аруах» қазақ қоғамымен (София қ.) бірлесіп ұйымдастырды.
Қарлығаш пен жануарлар дауы туралы аңыздар, қарт Қанбақ пен Алдар көсенің қулықтары туралы аңыз әңгімелер, сондай-ақ қазақ ертегілерінің әйгілі өзге де кейіпкерлерінің шытырман оқиғалары енді кішкентай болгар оқырмандары мен олардың ата-аналарына қолжетімді.
Балаларды кітаппен таныстыра отырып, Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев елімізге қатысты қызықты фактілер туралы айтып, балаларға ертегілер жинағы мен сыйлықтарды табыс етті.
Лицей қызметкерлері мен оқушылары театрландырылған қойылымды, сондай-ақ ұсынылған кітаптан бірқатар ертегілердің ұжымдық оқуын ұйымдастырды.
Жақын арада қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Болгарияның кітапханалары мен мектептеріне тапсырылады.
«Аруах» қазақ қоғамының төрағасы және сонымен қатар Г.С. Уланова атындағы жекеменшік тіл мектебі-лицейінің директоры болып Шара Қарсақпаева қызмет атқаруда. Мектепте 1-12 сынып аралығындағы балалар оқиды.