
София, 2024 жылғы 11 қазан – Болгар ғылым академиясы Ядролық зерттеулер және атом энергетикасы институты (ЯЗАЭИ) алаңында ҚР-дың Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстанда атом электр станцияларын (АЭС) салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ЯЗАЭИ басшылығы, Болгариядағы атом энергетикасы саласындағы жетекші сарапшылар, ғылыми-технологиялық қауымдастық өкілдері және т.б. қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ел экономикасының келешегі үшін қазақстандық қоғамның қабылдаған стратегиялық маңызды шешімін жоғары бағалап, алдағы жоспарларды іске асыруда табыс тіледі.
Болгарияда елдің электр энергиясының негізгі өндірушісі болып табылатын «Козлодуй» АЭС жұмыс істейді. Жалпы қуаттылығы 2000 МВт болатын АЭС реакторлары ұлттық электр желісі қажеттілігінің 30-дан астамын қамтамасыз етуде.