Қазақстанның Болгариямен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың практикалық қадамдары талқыланды

Қазақстанның Болгариямен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың практикалық қадамдары талқыланды

София, 2024 жылғы 13 қыркүйек - Қазақстан мен Болгария арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Елші Виктор Темірбаев Экономика және өнеркәсіп министрі Петко Николовпен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Болгарияның сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара қарым-қатынастарын дамыту, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде басым бағыттар бойынша өзекті мәселелер мен бастамалар қаралды. Астана мен София арасындағы кооперацияның келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария Үкіметаралық комиссиясының кезекті 5-ші отырысын дайындауға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жан-жақты келіссөздер жүргізді.

Жалпы, сұхбаттасушылар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының үдемелі дамуына қанағаттандырушылықтарын білдірді. Ағымдағы жылдың 6 айында өзара тауар айналымының көлемі 3.5 есеге өсіп, 160,7 млн. АҚШ долларын құрағаны аталып өтілді.

Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттерімен таныстырып, оларды іске асыру болгар бизнесі үшін көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, сыни шикізат материалдары және цифрландыру салаларында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін ашатынына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Министр П.Николов Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды рөлін және оның Еуропа мен Азия арасындағы саудадағы транзиттік әлеуетін атап өтті, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы практикалық өзара іс-қимылды арттыруға дайын екенін растады.

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті. 

 

Қазақстан мен Болгария арасындағы 2024 ж. 6 айдағы тауар айналымы 160,7 млн. АҚШ долл. (+3,5 рет) құрады, оның ішінде экспорт-126,6 млн. долл., импорт - 34,1 млн. долл.

2024 жылдың 1 тоқсанында Қазақстанға 2 млн. болгар тікелей инвестициялары тартылды.

Жалпы, 2005 жылдан бастап ұлттық экономикаға Болгариядан 70,5 млн. долл., ал кері бағытта-13 млн. долл. тартылды.