Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумның өткізілетінін хабарлаймыз.

 

Болгария Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына дауыс беру құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.

 

Осыған орай, София қаласында Св.св. Кирил және Методий көшесі 37 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 420 референдум учаскесі жұмыс істейтін болады.

 

Дауыс беру 2024 жылғы 6 қазанда (жексенбі күні) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Референдум күні дауыс берушілерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс.

 

Сіздерді № 420 учаскесінің дауыс берушілер тізіміне қосу үшін m.aitzhanov@mfa.kz электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Болгарияда тұратын мекенжай, байланыс деректерді (телефон, электрондық пошта) «Референдум-2024» белгісімен алдын-ала жіберу немесе онлайн сауалнаманы (https://docs.google.com/forms/d/1XMOrxta_m52l9R0qSsW-pZXya0ImhS81Px08eNUTWi8/edit) толтыру бойынша кеңес береміз.

 

Алдағы республикалық референдум туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылған (www.election.gov.).