Қазақстан мен Болгария құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Болгария құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуда

София, 2024 жылғы 14 тамыз – Құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Бас прокуроры Борислав Сарафовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық реформалар кешенімен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау саласында қабылдаған шаралар кешенін жан-жақты атап өтті.

Өз кезегінде Б. Сарафов жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, құқық қорғау органдары желісі бойынша, сондай-ақ заңсыз иемделген активтерді қайтару саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге шынайы қызығушылық танытты.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар барлық белгіленген мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.