
София, 2024 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев «Әулие Иван Рилски» тау-кен және геологиялық университетінің ректоры Ивайло Копревпен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар озық тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында тау-кен және геологиялық саладағы екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейту әлеуетін талқылады.
Елші В.Темірбаев сұхбаттасушыны ғылыми жүйені дамыту және табиғи ресурстарды барлау және игеру саласына әлемдік озық технологияларды ендізу бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысымен таныстырды. Ол жер қойнауындағы табиғи ресурстарға бай Қазақстанда геология ғылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Одан басқа, қазақстандық дипломат биыл біздің елімізде Қазақстан өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосқан академик, көрнекті геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы атап өтіліп жатқандығы туралы хабардар етті.
Өз кезегінде И.Копрев академиялық ұтқырлық шеңберінде озық шешімдермен және студенттермен алмасу мақсатында қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдіре отырып, «Әулие Иван Рилски» тау-кен-геологиялық университеті («Әулие Иван Рилски» ТКГУ) қабырғасында оқытуда қолданылып озық тәжірибелер мен әдістер туралы айтып берді. Оның айтуынша, «Әулие Иван Рилски» ТКГУ Болгариядағы минералды-шикізат саласының қажеттіліктері үшін ғылыми қызмет көрсетуді және жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жалғыз мемлекеттік білім беру және ғылыми мекеме болып табылады.
Соңында тараптар кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.
«Әулие Иван Рилски» ТКГУ 1953 ж. құрылған. Осы уақыт ішінде университет әлемнің 40-қа жуық елінен - Еуропа, Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америкадан 30 000 астам жоғары білімді мамандар - болгар және шетелдік азаматтарды дайындап шығарды.
Рудный индустриялық университеті мен «Әулие Иван Рилски» ТКГУ арасында жасалынған Ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес 2020 ж. 2 академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асырылды. 2024 ж. қыркүйекте қазақстандық ЖОО студенттерінің 3-тобы күтілуде.