Болгарияда Қазақстанмен ІТ саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Болгарияда Қазақстанмен ІТ саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

София, 2024 жылғы 20 маусым – Қазақстанда бизнес жүргізудегі артықшылықтар туралы жергілік іскерлік қоғамдастықтарды кеңінен ақпараттандыру бойынша жұмыс шеңберінде Елші Виктор Темірбаев Болгар ақпараттық технологиялар қауымдастығының (БАТҚ) Атқарушы директоры Весела Калъчевамен кездесті.

Әңгімелесу барысында Астана мен София арасында ІТ саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде екі ел кәсіпорындары арасында тікелей іскерлік байланыстарға орнатуға жәрдем көрсету арқылы дамыту мақсатында өзара әрекеттесу әлеуеті қарастырылды.

Елші В.Темірбаев Қазақстандағы ІТ-саланың үдемелі дамып келе жатқандығын, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және «E-Government» платформасы, экономика әр түрлі салаларында ІТ-шешімдерді ендіру барысы туралы айтты. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат жетекші ІТ мамандарды тарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасау бойынша, атап айтқанда осы жылдың соңына дейін жоспарланып жатқан «Digital Nomad Visa» мен «Digital Nomad Residency» арнайы бағдарламаларын іске қосу бойынша Үкімет атқарып жатқан жұмысы туралы хабарлады.

Оған қоса, БАТҚ өкілдері қазіргі уақытта 1,4 мыңнан аса компания сәтті жұмыс істеп жатқан Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық ІТ-стартап технопаркі – AstanaHub жұмысымен танысты. 

Одан басқа, Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай отандық ІТ-қызметтер экспортын 1 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу тапсырмасын іске асыру шеңберінде болгар тарапына қазақстандық ІТ-компаниялардың әлеуетті шетелдік әріптестері үшін ұсынатын цифрлы қызметтер мен шешімдері туралы ақпаратты табыстады.

Өз кезегінде, В.Калъчева ІТ индустриядағы болгар тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен ақпараттық технология және цифрландыру саласындағы байланысты жандандыруға қызығушығын танытты, сондай-ақ екі елдің ІТ-компаниялары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар әңгіме барысында қозғалған барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы уағдаласты.

 

1995 ж. құрылған Болгар ақпараттық технологиялар қауымдастығы (БАТҚ) қазіргі уақытта 16,6 мыңнан астам ІТ-мамандар жұмыс істейтін және елдің ЖІӨ-нің жылдық айналымының 4%-ын қамтитын 100-ден астам компанияны біріктіреді.

БАТҚ ІТ саласындағы барлық спектрді – бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтау, телекоммуникация, жүйелі интеграция, финтех, ғаламдар-провайдерлер, IoT, ойын жасаушылар, киберқауіпсіздік және т.б. қамтиды.