Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды
Елші Виктор Темірбаев бастаған Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері София қаласындағы қазақстандық жауынгерлер жерленген Кеңес жауынгерлерінің бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандарды еске алды.