
Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі.
Сізден 2020 жылдың 25 маусымы, сағат 19:00-ге дейін https://www.astanafindays.org/ru сайты арқылы тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.
Тіркелген қатысушылар спикерлерге тікелей эфирде сұрақ қоя алады және спикерлердің сөздерінің жазбасын алады.