
София, 2024 ж. 1 наурыз – Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен реформалармен егжей-тегжейлі таныстыру мақсатында, Елші В.Темірбаев 49-шы сайланған Болгария Халық Жиналысындағы Қазақстанмен Достық тобының мүшелерімен кездесті.
Тараптар достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың қалыптасқан жоғары деңгейіне, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. сияқты көпжақты форматтардағы тиімді өзара іс-қимылға ерекше қанағаттанушылықтарын білдірді. Парламентаралық диалогтың халықтық дипломатия желісі бойынша қатынастарды дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие екенін ескере отырып, ҚР Парламенті Мәжілісі мен БР Халық Жиналысы арасындағы байланыстарды нығайтуға деген өзара көзқарас расталды.
Сонымен қатар, мазмұнды кездесу барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ауқымды реформалары мен бастамаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, болгар депутаттары осы өзгерістерді құптап, олар мемлекеттің дамуына және 2029 ж. қарай Қазақстанның ЖІӨ-ні екі есеге арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге қуатты серпін беретініне сенім білдірді.
Соңында, сұхбаттасушылар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс диалогын жалғастыруға келісті.