Болгар әуе компаниясымен ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Болгар әуе компаниясымен ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

София, 2024 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев «Bulgaria Air» компаниясының Атқарушы директоры Радослав Златковпен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Болгарияның азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде елдеріміз арасында әуе қатынастарын орнату әлеуетін талқылады.

Елші В.Темірбаев сұхбаттасын Қазақстандағы соңғы экономикалық өзгерістермен таныстырып, еліміздің аймақтағы көлік-логистикалық хабқа айналудағы ұмтылысын атап өтті. Одан басқа, қазақстандық дипломат Қазақстандағы «Ашық аспан» режимі шеңберіндегі шетелдік әуе компаниялары үшін перспективалар мен артықшылықтар туралы айтып берді.

Өз кезегінде, Р.Златков «Bulgaria Air» компаниясының халықаралық қызметін кеңейту бойынша көзқарастары және жоспарларымен бөлісіп, екіжақты қатынастарды дамытуға деген өзінің бейілділігін білдірді.

Сұхбат соңында тараптар кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.