
София, 2024 жылғы 8 ақпан – Парламенттік дипломатия арқылы екіжақты байланыстарды нығайту мақсатында және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелерді қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылау үшін, Елші Виктор Темірбаев 49-шы сайланған Болгария Республикасының Халық Жиналысындағы Қазақстанмен Достық тобының басшысы Ертен Анисовамен және оның орынбасары Венко Сабрутевпен кездесті.
Тараптар Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйіне ризалышық білдіріп, практикалық әрекеттестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендерін растады. Сондай-ақ, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты белсендіруде парламенттік Достық топтарының маңызды рөл атқаратындығы атап өтілді. Осы тұста, Қазақстан Парламентінің Мәжілісі және Болгария Халық Жиналысы арасындағы байланыстарды нығайтуға өзара міндеттеме расталды.
Бұдан басқа, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуы, АЭС салу және басқа да өзекті тақырыптарға арналған қаңтардағы сұхбат мазмұнына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында сұхбаттастар әңгімелесу барысында көтерілген мәселелер бойынша жұмыс диалогын сақтауға уағдаласты.