
Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірді дәйекті ырықтандыруда жаңа кезеңді ашатын саяси реформалардың ірі көлемі іске асырылуда. Олар демократияның базалық институттарын – азаматтардың бейбіт жиналыстарға, сайлауды ұйымдастыруға және саяси партиялардың қызметіне құқықтарын одан әрі дамытуды көздейді.
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің одан әрі қоғамдық-саяси дамуы үшін маңызды бірқатар заңдарға қол қойды. Олардың ішінде – «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заңдар бар.
Бұл заңдар мен олар көздеген жаңашылдықтар – ұлттық қоғамдық сенім кеңесі шеңберінде ел Президенті ұсынған саяси реформалардың бір бөлігі. Оларды қабылдау – «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және азаматтық қоғамның рөлін арттыру жолындағы маңызды қадам. Жаңа құқықтық нормалар Қазақстанда пікір плюрализмі, баламалы көзқарастар, сындарлы ұстаным және жауапкершілік сияқты құндылықтарды одан әрі нығайта түседі.
Мәселен, митингілер туралы жаңа заң бейбіт жиналыстарды құқықтық реттеуді едәуір жеңілдетеді. Заң жобасын құру процесіне тәуелсіз сарапшылар, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Көп деңгейлі қоғамдық талқылаудың нәтижесі Үкімет алдына қойған ережелерді одан әрі ырықтандыру жағына қарай кеңейту болды.
Заң азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына, Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияға толық сәйкес келеді. Құжатта бейбіт жиналыстардың негізгі қағидалары жазылған: олар заңды, ерікті сипатта болып, зорлық-мәжбүрлеу бағытында болмауы және мемлекет үшін де, азаматтар үшін де қауіп төндірмеуі тиіс. Сондай-ақ журналистердің қызметін шектейтін тыйым салулар мен міндеттер алынып тасталды.
Енді Қазақстан қалаларында азаматтардың бейбіт жиналыстар өткізу үшін жария алаңдар ұйымдастырылады, ал бейбіт жиналыстар туралы хабарлау рәсімі 15-тен 5 күнге дейін қысқарады.
«Біз жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Алдыңғы жоспарға пікір плюрализмі, баламалы көзқарастар шығады. Билік келіспеушілікті деструктивті деп санамайды», – деп атап өтті Президент Қ. Тоқаев. Қазақстан Президентінің пікірінше, қоғам мен мемлекетке айқындаманың ашық көрінісіне барабар қарайтын кез келді. «Бұған амалсыз емес, саналы түрде келген абзал», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бұрынғы заң 25 жыл бұрын қабылданды және қазақстандық сарапшылар мен халықаралық бақылаушылардың пікірінше, концептуалды қайта қарауды бұрыннан талап етті. 2020 жылдың жаңа Заңы халықаралық стандарттарға — Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияға және азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына толығымен сәйкес келеді. Заңмен ең бастысы – ерік білдіру құқығы қамтамасыз етіледі.
Жаңа құжатта бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттары нақты жазылған: олар заңды, ерікті болып, зорлық сипатында болмауға және мемлекет үшін де, азаматтар үшін де қауіп төндірмеуге тиіс. Яғни, адам құқықтарының қағидалары сақталған – «тыйым салынбаған барлық нәрселерге рұқсат етілген» және «сенің құқықтарың басқалардың құқықтары басталатын жерде аяқталады».
Осылайша, «бейбіт жиналыстар туралы» Заң Президент Қ.Тоқаев жариялаған «естуші мемлекет» тұжырымдамасының табысты іске асырылуының дәлелі болды.
Сайлау туралы заңнама жетілдірілуде. Жаңа заңдар әйелдер мен жастардың елдің саяси өміріне қатысу құқығын одан әрі күшейтеді. Олар сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жас адамдар үшін міндетті түрде 30% квота енгізуді көздейді.
Қазір Қазақстан Парламентінің 22% - ы әйелдерден тұрады (әйелдердің ЭЫДҰ – ның заң шығару органдарында ұсынылуының орташа көрсеткіші-30%). Парламент Мәжілісінде (төменгі Палата) әйелдер саны – 29 адам, Сенатта – 6 адам, ал 29 жасқа дейінгі жастар Парламентте әзірге жоқ.
Мәслихаттарда (жергілікті өкілді органдар) әйелдердің өкілдік етуі шамамен 22% немесе 740 әйел, ал 29 жасқа дейінгі жастар 53 депутат. Қазақстан бойынша мәслихаттардағы депутаттық мандаттардың жалпы саны – 3335.
Статистика бойынша, бүгінде Қазақстанда экономикалық белсенді 4,5 млн.әйел және 20-29 жас аралығындағы 2,8 млн. жастар тұрады. Бұдан былай Жергілікті өкілетті органдар мен парламенттің төменгі палатасы депутаттарының сайлауына аталған азаматтар санаты кеңінен қатысатын болады.
Жалпы квоталау саясаты кең таралған халықаралық тәжірибе болып табылады. Арнайы партиялық квоталар Еуропа елдерінде қолданылады және осы нормалар заңмен бекітілген Германияда, Норвегияда, Францияда және Бельгияда кеңінен таралған.
Қазақстанда жаңа заңмен арнайы квоталарды енгізу -қазақстандықтардың жас буыны үшін және әйелдер үшін елдің саяси өміріне белсенді қатысуға ынталандырушы болады. Жаңа құқықтық нормалардың қолданылуы 2021 жылы – Парламент Мәжілісіне кезекті сайлау жылы іске асырылатын болады (алдыңғы парламенттік сайлау 2016 жылы өткізілді, ҚР Конституциясына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды).
Ел Президенті қол қойған «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» Заңға енгізілген түзетулер Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртуды жалғастыратын реформалар пакетінің маңызды бөлігіне айналды.
Сайлауға қатыса алатын саяси бірлестік құру үшін қойылған қолдардың шекті санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендету – Қазақстанның партиялық жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды қадам.
Мәселен, заңнамаға енгізілген өзгерістер елдегі саяси процестерге партиялардың ықпалының өсуіне әсер ететін болады. Олар жаңа саяси партияларды құру және елдегі партиялық өмірді жалпы жандандыру тәртібін жеңілдетеді, бұл мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсер етеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда 6 саяси партия тіркелген және жұмыс істейді.
Заңда көзделген шаралар жиынтығында қоғамдық-саяси кеңістікті қайта форматтауға, партиялық алаңда бәсекелестікті арттыруға, сайлау органдарына неғұрлым инклюзивтік, теңдестірілген сипат беруге бағытталған.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік саясатты күшейтудің маңызды мәселелерімен қатар Қазақстан Президенті қолданыстағы саяси жүйені жетілдіру саласында елеулі қадамдар жасауда.
2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында өзінің басқару саясатының негізгі принциптерін нақты атап өтті – бұл «Сабақтастық. Әділдік. Прогресс». Ол Қазақстан Президенті лауазымындағы өзінің алғашқы жылы осы қағидаттарды заңнамалық деңгейде табысты жүзеге асырып келеді.
Сабақтастық – елдің саяси өміріндегі жастардың рөлін күшейтумен қамтамасыз етілген,осылайша болашақта мемлекеттің тиімді дамуын ілгерілететін қазақстандық басқарушылардың жас буынын дайындау қамтамасыз етіледі.
Әділдік – елдің өкілді органдарында әйелдер үшін квоталар арқылы гендерлік теңгерімді дамытумен, сондай-ақ азаматтардың бейбіт жиналыстарға құқықтарын нығайтумен және саяси партиялардың қызметі үшін жаңа мүмкіндіктермен іске асырылады.
Прогресс – тұтастай алғанда Қазақстанның саяси жаңғырту және мемлекет өміріндегі демократиялық тәжірибелерді кеңейту жолымен дәйекті қозғалысында көрініс табады.
Қабылданған Саяси реформалар пакетінің мысалында Президент Қ.Тоқаев «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, бірінші кезекте азаматтардың сауалдарын ескеретінін атап өтті. Осылайша, жаңа тарихи кезеңде Қазақстан демократияны нығайтуды жалғастыруда, оны дамыту бағыты алғашында және республика халқы саналы түрде үш он жыл бұрын таңдаған болатын.