Саяси диалог пен экономикалық байланыстарды жандандыру Қазақстан мен Болгарияның күн тәртібінде

Саяси диалог пен экономикалық байланыстарды жандандыру Қазақстан мен Болгарияның күн тәртібінде

     София, 2024 ж. 18 қаңтар – Қазақстан – Болгария ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында, Елші Виктор Темірбаев Болгария Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі хатшысы Руси Ивановпен кездесу өткізді.

     Атап айтқанда, тараптар екіжақты қатынастарды дамытудың қалыптасқан жоғары деңгейіне, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, МАГАТЭ және т.б. сияқты көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың тиімді форматына ортақ қанағаттанушылықтарын білдірді. Сонымен қатар, дипломаттар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне қатысты
жан-жақты пікір алмасты.

     Соңында, сұхбаттасушылар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс диалогын қолдауға келісті.