Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Болгарияның назарында

Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Болгарияның назарында

София, 2023 жылғы 14 қараша – Жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Білім және ғылым министрі Галин Цоковпен кездесті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны ҚР Үкіметінің құрылымы туралы, соның ішінде еліміздегі білім беру саласындағы екі мемлекеттік органға – Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу тұрғысында хабардар етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Болгария арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйіне тоқталып, оны одан әрі дамыту мен тереңдету үшін елеулі әлеуеттің бар екеніне назар аударды.

Мазмұнды сұхбат барысында тараптар ЖОО желісі бойынша өзара іс-қимылды арттыру бойынша нақты қадамдарға қатысты өз пікірлерімен алмасып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, 2024 ж. көктемде Қазақстанның бірқатар қалаларында өтетін «International Education Fair» халықаралық жәрмеңкесі қазақстандық және болгар университеттері арасында тікелей байланыс және өзара тиімді әріптестік орнатуға жақсы мүмкіндік беретіні туралы жалпы пікір айтылды.

Тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.