
2023 жылғы 25 қазанда Республика күні мен Әлихан Бөкейхан Университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Әлихан Бөкейхан Университеті базасында София Техникалық Университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі салтанатты өтті.
Университет филиалын ашу туралы келісімге қол қою Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Абай облысына жасаған іс-сапары барысында Семей қаласында еуропалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Филиал базасында "жасанды интеллект инженериясы және блокчейн технологиясы" Қазақстанның жаңа кәсіптер атласы базасында әзірленген бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Студенттерді қабылдау келесі оқу жылынан басталады. Сондай-ақ магистратураның бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін болады.