Қазақстандық музыканттардың өнер көрсетуі болгар көрермендерін жаулап алды

Қазақстандық музыканттардың өнер көрсетуі болгар көрермендерін жаулап алды

София, 2023 жылғы 24 қазан - Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Республика күні қарсаңында Софиядағы Орталық әскери клуб сахнасында Ғазиза Жұбанова атындағы «Kazakh Quartet» Мемлекеттік ішекті квартеті музыканттарының концерті өтті.

Көрермендер әртістердің шебер ойынына, олардың харизмасы мен энергиясына тәнті болды. Ұжымның өнер көрсету уақыты бір деммен ұшып, көрермендердің жаппай, тынымсыз қошеметімен аяқталды.

Заманауи дыбысталу, аспаппен шебер ойнау, ерекше атмосфера мен жарқын ұсынылым көрермендердің рухын баурап алады және квартетті ерекше етеді.

Камералық музыкалық өнер, музыканттардың талғампаз костюмдер, мәдениетіміздің ерекшелігін көрсететін дәстүрлі ұлттық тағамдар -ұмытылмас түрлі-түсті көріністің бейнесін қалыптастырды.

 

Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет - Қазақстанның камералық музыкасының жетекші ұжымы. Бұл музыкалық ұжым түрлі халықаралық ішекті және камералық оркестрлер байқауларының лауреаты мен жеңімпазы.

Нео-Ренессанс стилінде салынған Софияның тарихи орталығында орналасқан Орталық әскери клубта елдің бірінші тұлғаларының қатысуымен ресми және салтанатты іс-шаралар өткізіледі.