
Пловдив, 2023 жылғы 5 қазан - Қазақстан астанасының 25 жылдығына орай және Республика күні қарсаңында Пловдивтің Орталық алаңында елімізге арналған тақырыптық фотокөрменің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға қала және облыс әкімдіктері, ғылыми қауымдастық, жергілікті зиялы қауым, қазақ диапорасы, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Астана Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан және толеранттылыққа, бейбітшілік пен интеграцияға шақыру бойынша Дүниежүзілік диалог алаңына айналған мемлекетіміздің басты символының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат еліміздің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін атап өтіп, Қазақстан бүкіл әлемде шынайы қызығушылық тудыратын трансформациялар, инновациялар мен жаһандық бастамалардың орталығы болып табылатын озық мемлекетті бейнелейтінін атап өтті.
Іс-шара қонақтары Қазақстан Астанасы архитектурасының барлық сұлулығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін фотосуреттерді тамашалай алды.
Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың 29 қазанына дейін ашық болады.
Пловдив - 8000 жылдық тарихы бар Болгарияның ежелден бүгінгі күнге дейін шежіресі сақталған екінші алып қаласы. Қала Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы болып есетеледі, оның экономикасы жақсы дамыған көпсалалы өнеркәсіпке, қызмет көрсету саласына, туризмге және ақпараттық технологияларға негізделген.