Софияда Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

Софияда Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

София, 2023 жылғы 3 қазан – «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында Болгар журналистер одағының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург және қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, қоғамдық-саяси топтардың және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, оның ішінде бұрынғы Президент Петр Стоянов, Вице-президент Маргарита Попова, Бас прокурор Борис Велчев және т. б. қатысты.

Қатысушылар Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, мәдени өзара іс-қимыл арқылы халықтарды одан әрі жақындастырудың маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының болгар тіліне аударылған «Әке туралы сөз» атты кітабы таныстырылды.

 

«Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасы - Болгарияның ең үлкен кітап қазынасы. Оның қорында шамамен 8,5 миллион құжаттар бар. Жыл сайын 70 мыңға жуық басылым келіп түседі.