ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Құрметті тілшілер!

 

2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының мерейтойлық ХХІ отырысы өтеді.

Хатшылық отырысы аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2023-2033 жж. арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін дамыту тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.

Съездің ХХІ Хатшылығының жұмысына Мысыр, Әзербайжан, Пәкістан, Иран, Тәжікстан, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және басқа елдерден келетін ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм әлемдік және дәстүрлі діндердің діни жетекшілері қатысады деп күтілуде.

Өткізу күні: 2023 жылғы 11 қазан.

Өткізу орны: Бейбітшілік және келісім сарайы, 5-қабат, баспасөз орталығы.

Іс-шараның басталу уақыты: сағ. 09:00-де.