Қазақстан мен Болгария құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Болгария құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуда

София, 2023 жылғы 27 қыркүйек – Құқықтық көмек көрсету және қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Жоғарғы кассациялық сотының төрағасы Галина Захаровамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат соңғы саяси өзгерістер мен реформалармен, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері мен негізгі міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстанда адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау саласында қабылданған шаралар кешенін жан-жақты атап өтті.

Өз кезегінде Г.Захарова реформаларды құптап, сот органдары желісі бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге шынайы қызығушылық танытты.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар барлық белгіленген мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жұргізуге келісті.