Софияда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орайластырылған дөңгелек үстел өтті

Софияда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орайластырылған дөңгелек үстел өтті

София, 2023 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен Әулие Клемент Охрид атындағы София университетінің жанындағы «Әл-Фараби» ғылыми-білім беру және мәдени орталығында «Ұлы қолбасшы және билеуші Сұлтан Бейбарыстың 800-жылдығы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Елші Виктор Темірбаев ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ түркітану және арабистика саласындағы сарапшылар алдында сөйлеген сөзінде Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянына және оның әлемдік тарихта өшпес із қалдырған көрнекті қолбасшы және даналы билеуші ретіндегі жетістіктерін атап өтті.

Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, дөңгелек үстел тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. Жалпы, қолбасшының қазақ даласымен ажырамас байланысы бар екендігі туралы жалпы пікір айтылды.

Іс-шара соңында, тарихи-мәдени және гуманитарлық тақырыптар бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыруға жалпы дайындық расталды.

 

«Әл-Фараби» ғылыми-білім беру және мәдени орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Әулие Клемент Охрид София университеті арасында 2018 жылғы 4 қазанда қол қойылған келісім негізінде құрылды. Орталықтың миссиясы - қазақ мәдениетімен таныстыру, қазақ тілін оқыту және Қазақстан мен Болгарияның білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету.