
София, 2023 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгар сауда-өнеркәсіп палатасының (БСӨП) төрағасы Цветан Симеоновпен кезекті жұмыс кездесуін өткізді.
Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының экономикалық бөлімімен, атап айтқанда, өңдеу секторы мен тау-кен металлургия кешені саласындағы жедел түрде дамыту бойынша міндеттермен егжей-тегжейлі таныстырды.
Сонымен қатар, В.Темірбаев Азия мен Еуропаны байланыстырып тұрған Транскаспий халықаралық көлік бағытының өсіп келе жатқан рөліне назарын аударды. Оның сөзі бойынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін нығайтуға және Еуразияның негізгі транзиттік торап ретінде қалыптасуына ерекше көңіл бөлуде.
Өз кезегінде, Ц.Симеонов Қазақстан басшылығының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шараларынан жоғары баға беріп, ҚР-ның іскерлік ахуалы мен кооперация үшін ашылып жатқан, атап айтқанда сирек кездесетін металдарды игеру саласындағы жобаларды іске асыру шеңберінде жаңа мүмкіндіктер туралы белсенді болгар бизнесі өкілдерін кең ақпараттандыруға дайын екендігін тағы да жеткізді. Оның сөзінше, Жолдаудың экономикалық міндеттерін сәтті орындау елімізге әлемнің дамыған және өркендеген мемлекеттерінің авангардына кіруге мүмкіндік береді.
Соңында тараптар кездесуде көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.
БСӨП 1895 жылы құрылған және 52 мыңнан астам болгар компанияларын,
100-ден астам қауымдастықтарды және барлық 28 өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталарын біріктіреді.