Еуродепутат Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды

Еуродепутат Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды

София, 2023 ж. 15 қыркүйек – Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу мақсатында, Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгариядан Еуропарламент мүшесі Андрей Ковачевпен екіжақты кездесу өткізді.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат еуропалық парламентарийді елдің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен, ағымдағы жылғы электоралдық кезеңнің нәтижелерімен және Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, В.Темірбаев билігіміздің адам құқықтарын қорғау жөніндегі шараларын және ЕО-мен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім аясында уағдаластықтарды іске асыру барысын егжей-тегжейлі атап өтті.

Өз кезегінде, А.Ковачев реформаларға жоғары баға беріп, олар Қазақстанның дамудың демократиялық векторымен жүруге деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, еуродепутаттың айтуынша, ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық жоғары траектория бойынша үдемелі дамуды жалғастыратыны сөзсіз.

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.