
София, 2023 жылғы 13 қыркүйек – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен ақпараттандыру мақсатында Елші Виктор Темірбаев болгар сарапшылар қауымдастығының, ғылыми-академиялық, іскерлік топтар және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.
Қазақстандық дипломат қатысушыларды Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған қуатты өнеркәсіптік базаны дамыту және елдің экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін, ШОБ пен жекешелендіруді, макроэкономика мен банк секторын қолдау, салық салу, көлік және логистика, туризм, АӨК, цифрландыру, жасыл және тұрақты экономиканың әлеуетін ашу, сондай-ақ әрі қарай газдандыру және Қазақстанды су қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселелері туралы негізгі экономикалық міндеттермен таныстырды.
Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев еліміздің саяси жүйесін жаңғырту шеңберінде өткен жылы басталған қайта құрулардың қисынды жалғасы болып табылатын бірқатар саяси бастамаларға тоқталды.
Өз кезегінде қатысушылар Жолдауда алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты жүзеге асыру күшті және гүлденген Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам болатынына сенім білдірді. Ел аумағында АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы шешім олардың жоғары бағасына ие болып, олардың пікірінше, бұл қадам ел басшылығының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстануының айқын дәлелі болып табылады.