
София, 2023 жылғы 12 қыркүйек – Екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында, Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария СІМ «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» дирекциясының директоры Иван Павловпен кездесті.
Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мемлекетаралық байланыстардың қазіргі жағдайы мен нығайту перспективалары талқыланды. Дипломаттар екі ел арасындағы, сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы шеңберінде достық қарым-қатынастарды одан әрі өрлемелі дамытудың елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар 2023 ж. күзінде Астанада Қазақстан-Болгар саяси консультацияларына дайындықтың барлық негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі қарастырып, олардың сәтті өтуіне сенім білдірді.
Кездесу соңында екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тығыз байланыстар мен үйлестіруді қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.