
София, 2023 жылғы 5 қыркүйек – Еліміздің барлық ұлттарының тілдері мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында Софияда қазақ диаспорасы өкілдері мен отандастардың қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде мереке күнінің пайда болу тарихына, ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеудің маңыздылығына, сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты халқын шоғырландыратын мемлекеттік тіл саясатына егжей-тегжейлі тоқталды.
Іс-шараға қатысушылар әлемнің барлық елдері үшін үлгі болып табылатын тілдік және мәдени алуан түрлілігі бар біртұтас ұлт құруға бағытталған мерекенің бірегейлігін атап өтті.