
Құрметті отандастар!
Құрметті достар!
2023 жылғы 16-17 қыркүйекте Софияда «Дэвис кубогының» бірінші әлемдік тобының плей-офф аясында Қазақстан мен Болгария құрамаларының теннисшілері кездеседі.
Ойындар Ұлттық теннис орталығының ашық алаңында келесі мекенжайда өтеді: Борисова градина, Незабравка көшесі № 3-5.
Жеңіске жеткен құрама 2024 жылдың ақпан айында «Дэвис кубогының» командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін іріктеу ойындарында ойнайды.
Баршаңызды біздің команданымызды қолдауға шақырамыз!
Аталған спорттық іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер «Теннис» белгісімен өздерінің аты-жөндерін, байланыс деректерін келесі электрондық мекенжайларға жіберулеріңізді: sofia@mfa.kz, m.aitzhanov@mfa.kz немесе +359-2-862-41-70, +359-2-862-41-52 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
.