Болгария астанасында Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Болгария астанасында Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына орай фотокөрме ашылды

София, 2023 жылғы 28 тамыз - Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми – қосалқы мекемелердің бірі - София астаналық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды.

Аталған іс-шараға Қазақстанның Достар клубының мүшелері, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Виктор Темірбаев фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде осы атаулы күннің біздің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның әлемді ядролық қарудан азат құру саласындағы жаһандық бастамаларына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, астаналық кітапхананың директоры Юлия Цинзова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы нақты ұстанымын және баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз әлемдік аренадағы жауапты мемлекеттің нағыз үлгісі болып табылады.

 

Елордалық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған фотокөрме 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ашық болады.