
София, 2023 жылғы 23 тамыз – Екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылау мақсатында Елші Виктор Темірбаев Болгария Сыртқы істер министрінің жаңадан тағайындалған орынбасары Тихомир Стойчевпен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Болгария мемлекетаралық байланыстарының ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларына жоғары баға беріп, саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігімен келісті. Бұл ретте, екі елдің СІМ басшыларының орынбасарлары деңгейінде саяси консультацияларды өткізу мәселелеріне, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына, сондай-ақ жаhандық бастамаларға, оның ішінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша дипломаттар Қазақстан Елшілігі мен Болгария СІМ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға уағдаласты.