Еуродепутаттар Қазақстанның саяси реформаларын қолдайды

Еуродепутаттар Қазақстанның саяси реформаларын қолдайды

София, 2023 жылғы 22 тамыз – Бүгін Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропалық Парламент мүшелері Цветелина Пенкова және Петър Витановпен екіжақты кездесулер өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат еуропалық парламентарилерді елдің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен және ағымдағы жылдың сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев Қазақстан-Еуропа қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде еуродепутаттар жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, олар Қазақстанның демократиялық даму жолымен жүруге деген шынайы ұмтылысын көрсететінін атап өтті.          

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.