
София, 2023 ж. 12 шілде – Еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстанның ғылыми-академиялық саласының көрнекті өкілі - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі Әлия Рымғазықызы Масалимова Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің «көк лента» кавалері атанды.
Елшілік атынан құттықтаймыз және Қазақстан мен Болгарияның ғылыми-академиялық саласының көрнекті өкілдері ғылыми-білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға баға жетпес үлес қосатын осындай мысалдар одан да көп болады деп үміттенеміз.
Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің «көк лентасы» Болгарияның шет мемлекеттермен ғылыми-академиялық ынтымақтастығын ілгерілетуге қосқан көп жылдық үлесі үшін берілетін құрметті марапат болып табылады.