Болгарияның Энергетика министрлігінде энергетикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселері талқыланды

Болгарияның Энергетика министрлігінде энергетикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселері талқыланды

София, 2023 ж. 30 маусым – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев жаңадан тағайындалған Болгарияның Энергетика министрі Румен Радевпен кездесті. Кездесу барысында энергетикалық саладағы әлеуетті бағыттар талқыланды.   

Елші В.Темірбаев әңгімелесушіні Қазақстан экономикасындағы энергетика саласының қазіргі жағдайы, энергетикалық ресурстарды тасымалдау, оның ішінде Еуропа елдеріне, бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ «жасыл энергетика» элементтерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Қазақстандық дипломат елдің энергетикалық саласын әртараптандыру бағытында Қазақстан экономикасының 4,5%-ын құрайтын ЖЭК саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, В.Темірбаев Министр Р.Радевті 2023 ж. 3-6 қазанда Астана қ. өтетін «Kazakhstan Energy Week - 2023» форумына шақырды.

Өз кезегінде, Р.Радев екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін білдіріп, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды қолдайтындығына сендірді.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.

 

2006 жылдан бері «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастыратын
«Kazakhstan Energy Week – 2023» (KEW-2023) / «XV Eurasian Forum KAZENERGY» іс-шарасы энергетика саласындағы Каспий және Орталық Азия аймақтарындағы ең басты халықаралық оқиға болып табылады.

Форум дәстүрлі түрде әлем елдерінің үкіметтерінің, халықаралық энергетикалық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, энергетика секторындағы қазақстандық және шетелдік компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын тудырады.