Софияда Астана халықаралық форумының қорытындылары талқыланды

Софияда Астана халықаралық форумының қорытындылары талқыланды

София, 2023 ж. 15 маусым – Болгар ғылым академиясының Экономикалық зерттеулер институтында 2023 ж. 8-9 маусымда Қазақстанның елордасында «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбында өткен Астана халықаралық форумының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Институт басшылығы, сарапшылар қоғамдастығының, ғылыми және академиялық топтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан достары клубының мүшелері және басқалар қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев геосаяси шиеленістің артуына және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты туындаған сын-қатерлерге шоғырландырылған жауаптар іздеу үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мақсатында өткен АХФ-ның негізгі қорытындылары туралы айтты.

Қазақстандық дипломат «АХФ диалог алаңы бұрын-соңды болмаған геосаяси жағдай кезінде белсенді өзара іс-қимылға ықпал етіп, пікір және тәжірибе алмасу үшін әлемдік жетекші сарапшыларды жинауға мүмкіндік берді. Ортақ мәселелерімізге, уайымдарымыз бен үміттерімізге қатысты шынайы көзқараспен қарай отырып, тек кездесу, кеңес беру арқылы халықаралық қауымдастық бұл мәселелерді шеше алады - бұл өткен форумның негізгі миссиясы болды», - деп қорытындылады.

Дөңгелек үстел барысында ірі ақпараттық холдинг – Болгар телеграф агенттігінің тілшісі, баспасөз турына қатысушы шетелдік журналистердің құрамына кірген С.Стамбольски өзінің АХФ жұмысына қатысудан алған әсерлерімен бөлісті. Оның бағалауынша, АХФ әлемдік қоғамдастық (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ХВҚ, ШЫҰ және т.б.) және жетекші халықаралық БАҚ-тар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, бұл шетелдік делегаттардың жоғары деңгейімен және панельдік сессияларға белсенді қатысуымен расталады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, өз кезегінде, Қазақстанның сыртқы саясатындағы көпжақты тәсілді, Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы белсенді «байланыстырушы буын» рөлін және бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін Астананың күш-жігерін жоғары бағалады. Олардың пікірінше, қазіргі геосаяси шиеленісте АХФ алаңы әлемдік қоғамдастыққа өзара ынтымақтастық рухындағы диалог арқылы
сын-қатерлерге қарсы тұру үшін бірлескен шараларды қарастыруға және талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында сарапшылар сондай-ақ Астана мен София арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың үдемелі сипатын атап өтіп, мемлекетаралық ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейі мен перспективаларын жоғары бағалады.