Болгарияның астанасында ЮНВТО-ның Еуропа жөніндегі комиссияның 68-ші отырысы өтуде

Болгарияның астанасында ЮНВТО-ның Еуропа жөніндегі комиссияның 68-ші отырысы өтуде

София, 2023 жылғы 1 маусым – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) Еуропа жөніндегі комиссиясының 68-ші отырысының ашылу салтанатына қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Еркінбаев басқарған қазақстандық делегация қатысқан іс-шараға Болгарияның Қызметтік Туризм министрі И.Димитров және ЮНВТО Бас хатшысы З.Пололикашвили, сондай-ақ әлемнің 39 елінен 80-нен астам делегат қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар туризм саласын дамыту жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысын, осы бағыттағы одан әрі өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлар мен ұзақ мерзімді перспективаларды, сондай-ақ 2023 жылғы қазанда Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өтетін ЮНВТО Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясына дайындық барысын қарастырды.

Түстен кейін ұйым мүшелері 2023-2027 жж. арналған Атқарушы кеңестің құрамын және оның комитеттерінің мүшелерін таңдады.

2023 жылғы 2 маусымда «Медициналық және сауықтыру туризмі саласындағы білім және дағдылар» тақырыбында тақырыптық конференция өткізу жоспарлануда.

 

ЮНВТО - да 6 аймақтық комиссия бар - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия және Тынық мұхиты субаймағы, Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия. ЮНВТО-ның Еуропа жөніндегі комиссиясының құрамына Еуропа мен Орталық Азиядан 41 ел кіреді, оның ішінде Қазақстан да бар (1993 жылдан бастап).