
София, 2023 жылғы 22 мамыр - Болгар журналистер одағында ұлы түркі қолбасшысы мен билеушісі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Іс-шараға қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Көрермендер Сұлтан Бейбарыстың түркі халықтары мен мұсылман әлемінің қалыптасуына қосқан үлесін жан-жақты көрсететін фильмді қызығушылықпен тамашалады.
Сұлтан Бейбарыс Мысыр пен Сирияның төртінші мәмлүк сұлтаны (1260-1277), түркі тектес дарынды генерал болды. Моңғолдар мен крестшілерге қарсы әскери жорықтарымен танымал.