Еуродепутат Қазақстандағы реформаларға өзінің қолдауын білдірді

Еуродепутат Қазақстандағы реформаларға өзінің қолдауын білдірді

София, 2023 жылғы 18 мамыр – Бүгін Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропарламенттегі мүшесі, Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсының тең төрағасы Илхан Күчүкпен кездесті.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Еуропарламент мүшесін елдің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен және ағымдағы жылғы сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-болгар қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, И.Күчүк жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, олар Қазақстанның демократиялық даму жолымен жүруге деген шынайы ұмтылысын көрсететінін атап өтті.          

Соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.