Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Пловдив, 2023 жылғы 5 мамыр – Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаевтың Болгарияның екінші ірі қаласы – Пловдив қаласына сапары өтті.

Пловдив қаласының мэрі Здравко Димитровпен кездесуде әңгімелесушілер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық деңгейде екіжақты қарым – қатынастарды арттыру мақсатында Қазақстанның үшінші мегаполисі - Шымкентпен бауырлас байланыстар орнатуға ерекше назар аударылды. 

Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев сұхбаттасушыны еліміздегі мемлекеттік билік институттарын саяси жаңарту аясындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, З.Димитров Қазақстанмен өңіраралық қатынастарды дамытуға өзінің бейілділігін танытып, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды тұрақты қолдайтындығына сендірді.

2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан-Болгария бизнес-форумы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, В.Темірбаев Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі экономикалық аймақтардың бірі - Тракия экономикалық аймағына (ТЭА) барды. ТЭА негізін қалаушы және басқарма төрағасы Пламен Панчевпен кездесуде қазақстандық дипломат Қазақстандағы инвестициялық әлеует, шетелдік инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету құралдары, оның ішінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пен индустриалды аймақтардағы (ИА) бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Одан басқа, тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылап, шетелдік инвестициялар мен озың технологияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде қазақстандық АЭА-мен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қарастырды.

Пловдивке сапарын аяқтай отырып, болгар жұртшылығын қазақ әдебиеті мен тілімен кеңінен таныстыру мақсатында Елші В.Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласының халық кітапханасына Елшіліктің қатысуымен болгар тіліндегі жарық көрген 30-дан астам көркем кітаптар, жинақтар мен брошюраларды сыйға тартты.    

 

Пловдив - Болгарияның екінші үлкен қаласы және елдің жетекші экономикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі.

2013 жылы құрылған Тракия экономикалық аймағы жалпы ауданы 10 млн. м2-ден асады және 6 өндірістік аймақты (Марица, Раковский, Куклен, Пловдив индустриалды паркі, Пловдив технопаркі және калояново агроорталығы), 10-нан астам индустриалды паркті біріктіреді. Қазіргі уақытта ТЭА-ға 200-ден астам компания, 3 млрд. еуродан астам инвестиция тартылып, 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

«Иван Вазов» атындағы халық кітапханасы 1879 жылы құрылып, 1882 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқырмандар үшін ашылды. Бұл елдегі ең үлкен көпшілік кітапханасы және Болгариядағы көлемі бойынша екінші кітап қоры.