Елордалық мэрияда аймақаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Елордалық мэрияда аймақаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

София, 2023 ж. 28 ақпан – Қазақстан мен Болгария арасындағы аймақаралық байланыстарды әрі қарай дамыту мақсатында Елші Виктор Темірбаев София қаласының мэрі Йорданка Фандыковамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, еліміз бен Қазақстан астанасының болгар азаматтары арасында танымалдылығын арттыру мақсатында әңгімелесушілер Астана атымен аталған Софияның орталық бөлігінің бір көшесін абаттандыру идеяларымен алмасты.

Бұдан басқа, Елші В.Темірбаев экономикалық тректе өзара іс-қимылды арттыру жөніндегі жоспарлар туралы хабардар етіп, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елорда басшысы мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды 2023 жылғы сәуірдің екінші жартысында Болгария сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында өтетін Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен перспективалы жобалық тауашаларды таныстыру іс-шарасына қатысуға, сондай-ақ 2023 жылғы 8-9 маусымда елордада өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, Й.Фандыкова астаналар арасында бауырластық байланыстар орнату идеясын құптап, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды тұрақты қолдайтындығына сендіре отырып, өңіраралық деңгейде практикалық ынтымақтастыққа өзінің дайындығын растады.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат біздің еліміздегі мемлекеттік билік институттарын саяси жаңғырту аясындағы негізгі реформалармен таныстырып, оның ішінде алдағы 2023 жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлауды атап өтті.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.