Қазақстан мен Болгария өңіраралық деңгейде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Болгария өңіраралық деңгейде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Благоевград, 2023 жылғы 22 ақпан – Болгариядағы Американдық университет (AUBG) ректоры Дэвид Эванстың шақыруымен Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Благоевград қаласына жүмыс сапармен барды.

Ректормен кездесу барысында қазақстандық дипломат «AUBG» мен отандық жоғары оқу орындар арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ Американдық университеттің басымдықтары және даму жоспарларымен танысты.

Сонымен қатар, Елші В.Темірбаев «AUBG»-де оқитын қазақстандықтармен кездесті. «Сұрақ-жауап» форматындағы әңгіме барысында біздің студенттер Қазақстан мен Болгарияның жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы аясындағы басымдықтар мен міндеттер туралы, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы, сондай-ақ Елшіліктің консулдық есебіне тұрудың және консулмен тұрақты байланыста болудың маңыздылығы туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі студенттерді 2023 жылғы 19 наурызға жоспарланған кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, В.Темірбаев студенттерге Әділетті Қазақстанды құруға арналған стратегиялық бағыт шеңберінде жас ұрпақтың сапалы білім алуының маңыздылығына назар аудара отырып, оқуда табыс тіледі.

 

Болгариядағы Американдық университет - елдегі ең ірі шетелдік университет. Ол 1991 жылы АҚШ және USAID-пен ынтымақтастығы нәтижесінде құрылды. Қазіргі уақытта аталған ЖОО-да 1000-нан астам студент оқиды, олардың 50% шетелдіктер және олардың арасында қазақстандық студенттер де бар.