
Пловдив, 2023 жылғы 21 ақпан - Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев 2023 жылғы 21-25 ақпан аралығында өтіп жатқан «AGRA 2023» VIII Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.
Әлемнің 25 елінен 600-ден астам экспонат «Agra», «Foodtech» және «Vinaria» секілді бағыттар бойынша ұсынылған.
Көрме алаңында» қазақстандық дипломат Болгарияның Ауыл шаруашылық министрінің м.а. Я.Гечевпен және Туризм министрінің м. а. И.Димитровпен, сондай-ақ АӨК саласындағы жетекші болгар компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді.
AGRA халықаралық ауылшаруашылық көрмесі - Оңтүстік-Шығыс Еуропаның агробизнесі үшін өз өнімдерін таныстырудың бірегей мүмкіндігін ұсынатын жыл сайынғы іс-шара.
Көрме ауыл шаруашылығының барлық бағыттары мен салаларын - ғылымды, практиканы, технологияларды, техниканы, өнімдерді, инновацияларды, қызметтерді қамтиды.