Болгарияда білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Болгарияда білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

София, 2023 жылғы 3 ақпан – Бүгін Қазақстанның Елшісі В.Темірбаев елордалық Сақтандыру және қаржы жоғары мектебінің (СжҚЖМ) Ректоры Б.Велчевпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында СжҚЖМ мен экономикалық бағыттағы қазақстандық жоғары оқу орындары арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті.

Б.Велчев өзі басқаратын оқу орнының еуропалық контексте білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспары мен басымдықтарымен бөлісті.

Өз тарапынан, Елші В.Темірбаев қазақстандық жоғары оқу орындармен өзара іс-қимылды кеңейтуге жәрдемдесуге дайындығын білдірді. Сондай-ақ, сұхбаттасушыны қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Кездесу соңында тараптар жұмыс байланыстарын қолдауға және білім беру саласындағы қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған күш-жігерді жұмсауға келісті.

 

Борис Владимиров Велчев қылмыстық құқық саласындағы профессор. Бөлек жылдары БР Президенті жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы (2002-2006 жж.), Бас прокурор (2006-2012 жж.) және елдің Конституциялық сотының төрағасы (2015-2021 жж.) қызметтерін атқарды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 ж. 12 тамыздағы № 382 Жарлығымен II дәрежелі «Достық» Орденімен марапатталды.

Сақтандыру және қаржы жоғары мектебі Болгариядағы ең үздік 4 экономикалық университеттің қатарына кіреді. СжҚЖМ түлектерінің 90%-ы алынған мамандық бойынша елдің қаржы мекемелерінде және коммерциялық компанияларда жұмыс істей бастайды.